Алматы «оазисі»

Өзге өңірдің өсімдіктерін бауырына басқан Ботаникалық бақтың бір күні

_MG_1142

ЕҢ АЛДЫМЕН
Алматының ботаникалық бағы 1932 жылы ашылған. 1967 жылы ғылыми-зерттеу мекемесі мәртебесіне ие болды. Биыл бақтың ашылғанына 85 жыл. 2006 жылы Ботаникалық бақ ҚР ерекше қорғалатынаймақтар тізіміне енді.
_MG_1130
Зерттеу. Қорғау. Өсіру.
1967 жылы ғылыми-зерттеу мекемесі мәртебесіне ие болды. Қазір мұнда 20-дан астам зерттеуші-ғалым қызмет етеді. Дендрологтер жоғалу қаупі төніп тұрған өсімдіктерді сақтау үшін оларды ұзақ бақылап, қалай сақтап қалуға болатынын анықтайды. Солардың бірі – 56 жастағы Алма Оразбаева.
псст
Алма апайдың бақта жұмыс істеп келе жатқана биыл төрт жыл болды. Бұған дейін де осы салада қызмет еткен ол өзге табиғат белдеуіне тән өсімдіктерді өсіру, оларды бақылау әрдайым қызық екенін айтады.
_MG_1161.JPG
Алма апай, одан бөлек, үй өсімдіктерін қолайлы жағдайда өсіріп, жоғалу қаупі туып тұрғандарын қамқорлығына алады. «Кішкентайынан өсіріп, құмырадағы гүлдерді қала дүкендеріне сатамыз», – дейді ол. Оның айтуынша, бұл – бізге таңсық гүлдерді танымал етудің амалы.
_MG_1149.JPG
Мұндай зерттеудің маңызы, Ботаникалық бақ директоры Гүлнәр Сітбаеваның айтуынша, жылдан-жылға артып келеді. Оған себеп, – дейді директор, – қорғауға алынуға зәру, ерекше баптауға мұқтаж өсімдіктердің саны жылдан-жылға артып келеді.
IMG_9418.JPG

«Қазақстанда брендке айналуға лайықты өсімдіктер болғанымен, оларға жеткілікті түрде назар аударылып жатқан жоқ. Осының салдарынан, еліміз қалада өсіретін көшеттерге дейін шетелден тасымалдайды, – дейді ол.

IMG_9425.JPG

Бақ әкімшілігінің бастамасымен 2016 жылы «Қызыл кітаптың» екіншісін жариялаған. Оның баяндауынша, жоғалып кету қаупі төніп тұрған, сирек кездесетін өсімдіктердің саны 110-ға артқан.

IMG_9432.JPG

«Осылайша, өсімдіктерге қамқорлық танытудың қажеттілігі күннен-күнге артып келеді. Біз қорғансыз жаратылысты қамқорлығына алған маман ретінде жауапкершіліктің қаншалықты ауыр әрі маңызды екенін сезінеміз. Осы үшін де еңбектенеміз», – дейді ол.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s